Бразилиядан соңғы ақпарат - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бразилиядан соңғы ақпарат

Бразилиядан соңғы ақпарат

Бразилиядағы мундиальда алғашқы тең ойын тіркелді. «F» тобында өнер көрсететін Иран мен Нигерия арасындағы бәсекеде есеп ашылған жоқ. Дегенмен көптің назары «G» тобындағы грандтар Германия мен Португалия арасындағы матчта болды.

  • 18 Маусым 2014
  • 228
Фото - Caravan.kz

Бүгін әлем чемпионатында үш ойын өтеді. H тобындағы екі матчпен алғашқы тур аяқталса, Бразилия мен Мексика мундиальдағы екінші ойындарын өткізеді.

 

Бірінші болып жасыл алаңға Бельгия мен Алжир құрамалары шығады. Бұл матч Белу-Оризонти қаласындағы «Минейран» стадионынында өтеді. Осы «H» тобындағы екінші бәсекеде Ресей мен Оңтүстік Корея құрамалары күш сынасады. Бәрінен де алғашқы сынақтан мүдірмеген Бразилия мен Мексика арасындағы теке-тіреске деген қызығушылық өте жоғары. Қай жеңгені өз тобында көш бастайтын болады.

 

«Критериум дю Дофине» көпкүндігі аяқталысымен Халықаралық велошабандоздар одағы жеке және командалық рейтингтің жаңарған нұсқасын жария етті. Командалық тізімде біздің «Астана» сол бұрынғы 13 орыннан жылжымаған. Отандық клубтың есебіндегі ұпай саны 322.

Бірінші орынға көтерілген бельгиялық команда «Омега Парма- Квик Стептің» еншісінде 791 ұпай. Шабандоздар арасында 397 ұпаймен испаниялық Альберто Контадор көш бастап тұр. Екінші сатыға колумбиялық Найра Кинтана жайғасса, оның отандасы Саймон Джерранс үшінші орында. Жақында аяқталған «Джиро д Италияның» қола жүлдегері Фабио Ару 124 ұпаймен 23 орында келеді. Бұл астаналық шабандоздар арасындағы ең жоғары нәтиже .