Бразилиялық студенттер футболдан әлем чемпионатының ресми добын стратосфераға ұшырды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бразилиялық студенттер футболдан әлем чемпионатының ресми добын стратосфераға ұшырды

Бразилиялық студенттер футболдан әлем чемпионатының ресми добын стратосфераға ұшырды

Осы күндері Бразилияда бар оқиға футболдан әлем чемпионатының айналасында өрбуде. Оның басталуына бір апта ғана уақыт қалды. Ел астанасындағы Бразилиа университетінің студенттері «таза ғылыми қызығушылықпен» турнирдің ресми добы - «Бразуканы» стратосфераға ұшырды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

  • 4 Маусым 2014
  • 306
Фото - Caravan.kz

Ол үшін ішіне аз ғана ауа толтырылған допты арнайы биік зондқа байлаған. Бейнекамераның және GPS жерсеріктік навигация құралының көмегімен «Бразука» 28 шақырым биіктікке дейін көтерілгені анықталып, түсіріліп алынды.

Осылайша, ӘЧ ресми добының сапалы материалдардан жасалғаны дәлелденді. Әбден үрленген доп стратосферада 6 сағат бойы болып, сағатына 100 шақырымға дейінгі жылдамдықпен соққан жел мен нөлден төмен 37 градус температураға да төзді.

Жерге түскен «Бразука» өрт сөндірушілердің көмегімен табылды.


Айта кетейік, футболдан әлем біріншілігі 12 маусым күні басталады.