Бразилияның бұрынғы президенті бас бостандығынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бразилияның бұрынғы президенті бас бостандығынан айырылды

Сәрсенбі күні Бразилия соты елдің бұрынғы президенті Луис Инасиу Лула да Силваны сыбайлас жемқорлық пен ақша жымқырғаны үшін айыпты деп танып, оған тоғыз жыл алты айға соттау үкімін шығарды.

Тиісті үкім оңтүстікамерикалық республиканың федералдық сот органдарының ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл - Бразилия тарихында мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлық үшін сотталған алғашқы жағдай.

Сот үкімі Лула да Силва таяу уақытта қамауға алынатынын білдірмейді. Бразилиялық заңнамаға сәйкес, сотталушы апелляцияға берген жағдайда, айыптау үкімін екінші инстанция соты растамайынша ол бостандықта болады. Бұл әзірге бірінші инстанция шешімі.

Қылмыстық іс Гуаружа (Сан-Паулу штаты) курорттық қалада орналасқан үш деңгейлі пәтерге қатысты болды. 2016 жылғы қыркүйекте президентке 3,7 млн реал (сол кездегі бағам бойынша 1,1 млн доллар) сомасында ақша жымқырды және сыбайлас жемқорлыққа барды деген айыптар тағылды.

Қазіргі уақытта Лула да Силва сыбайлас жемқорлыққа қатысты тағы 4 қылмыстық істің фигуранты болып отыр. Бразилиялық заңнамаға сәйкес, егер экс-президент аталмыш процесстердің бірі бойынша айыпты деп танылса, ол сайланатын лауазымдарға үміткер болу құқығынан айырылады.

  • 13 Шiлде 2017
  • 351
Фото - Caravan.kz

Тиісті үкім оңтүстікамерикалық республиканың федералдық сот органдарының ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл — Бразилия тарихында мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлық үшін сотталған алғашқы жағдай.

Сот үкімі Лула да Силва таяу уақытта қамауға алынатынын білдірмейді. Бразилиялық заңнамаға сәйкес, сотталушы апелляцияға берген жағдайда, айыптау үкімін екінші инстанция соты растамайынша ол бостандықта болады. Бұл әзірге бірінші инстанция шешімі.

Қылмыстық іс Гуаружа (Сан-Паулу штаты) курорттық қалада орналасқан үш деңгейлі пәтерге қатысты болды. 2016 жылғы қыркүйекте президентке 3,7 млн реал (сол кездегі бағам бойынша 1,1 млн доллар) сомасында ақша жымқырды және сыбайлас жемқорлыққа барды деген айыптар тағылды.

Қазіргі уақытта Лула да Силва сыбайлас жемқорлыққа қатысты тағы 4 қылмыстық істің фигуранты болып отыр. Бразилиялық заңнамаға сәйкес, егер экс-президент аталмыш процесстердің бірі бойынша айыпты деп танылса, ол сайланатын лауазымдарға үміткер болу құқығынан айырылады.

Соңғы жаңалықтар