Брэд Питт пен Анджелина Джоли Францияда неке тойларын атап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
0 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Брэд Питт пен Анджелина Джоли Францияда неке тойларын атап өтті

Брэд Питт пен Анджелина Джоли Францияда неке тойларын атап өтті

АҚШ актерлары Брэд Питт пен Анжелина Джоли үйленді, деп хабарлады Associated Press агенттігі. 

  • 29 Тамыз 2014
  • 431
Фото - Caravan.kz


Некелесу туралы Associated Press ақпарат агенттігіне Голливуд жұлдыздарының ортақ танысы хабарлаған. Оның айтуынша, үйлену тойы Францияның оңтүстігінде 23 тамыз, сенбі күні  өткен. Салтанатты шараға тек туыстар мен ең жақын достар ғана қатысқан.

Джоли мен Питт «Мистер және миссис Смит» фильміне түскеннен бастап бірге өмір сүріп келеді. Олардың ортақ некеден үш және асырап алған үш баласы бар. 

Атақты жұп 2012 жылы некелескен, олардың неке тойларын жасырын атап өткені туралы БАҚ-та бұған дейін бірнеше рет жалған ақпарат шыққан болатын.