Brent мұнайының қымбаттауы теңгеге қалай әсер етті - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Brent мұнайының қымбаттауы теңгеге қалай әсер етті

Brent мұнайының қымбаттауы теңгеге қалай әсер етті

Қазақстан қор биржасының таңертеңгі сессиясының қорытындысы бойынша америкалық валюта бағамы 5,6 теңгеге төмендеді

  • 3 Маусым 2020
  • 172
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы sputniknews.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Қазақстан қор биржасының таңертеңгі сессиясының қорытындысы бойынша, бір доллар 396,77 теңге болды. 2 маусымда күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар құны 402,37 теңгені (минус 5,6 теңге) көрсетті.

Ұлттық валютаның нығаюына байланысты қазақстандық айырбастау пункттері бірден әрекетке көшті.
Kurs.kz порталының мәліметіне сәйкес, астанадағы айырбастау пунктерінде доллар 394-396,5 теңгеден сатып алынып, 398-401 теңгеден сатылып жатыр.

Алматы қаласындағы айырбастау орындарында доллар 395-398 теңгеден сатып алынуда, сату бағамы — 398-404 теңге.


Айта кетейік, бұған дейін Brent маркалы мұнайдың құны 6 наурыздан бері бірінші рет 40 доллардан жоғары бағаға көтерілді.

 

Соңғы жаңалықтар