«Брежнев» нұсқасы – Ташкент Кәрімовтың өлімін жасырып отыруы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Брежнев» нұсқасы – Ташкент Кәрімовтың өлімін жасырып отыруы мүмкін

«Брежнев» нұсқасы – Ташкент Кәрімовтың өлімін жасырып отыруы мүмкін

78 жастағы Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов миына қан құйылуы себепті аурухананың жан сақтау бөліміне жатқызылды. Осы тұста британдық

  • 2 Қыркүйек 2016
  • 682
Фото - Caravan.kz

78 жастағы Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов миына қан құйылуы себепті аурухананың жан сақтау бөліміне жатқызылды. Осы тұста британдық Sky News басылымы белгілі сарапшының сөзін келтіріп, өзбек жетекшісінің өлгенін, бірақ айналасындағылар оны қажет кезде бір-ақ айтатынын жазған.

Бұрынғы кеңестік республика Өзбекстанның авторитарлық президенті Ислам Кәрімов жүрек талмасына ұшырап, миына қан құйылды. Бұл туралы оның қызы Лола Кәрімова Instagram-да үкімет мәлімдемесінен кейін жазды. 78 жастағы мемлекет басшысы билік басында 27 жыл отырды. Әуелі Өзбекстан Коммунистік партиясы ОК хатшысы, Кеңес Одағы ыдыраған соң ел президенті болды, деп жазады.

Сондай-ақ батыс басылымы Ресей ақпарат агенттігінің редакторы Данил Кисловтың сөзін келтіреді.


Ол өз кезегінде «Биліктегілердің пікірінше, президентті емдеу үшін білгілі бір уақыт керек. Оның түпкі мақсаты бізге белгісіз. Тіпті бұл «Брежнев» нұсқасы да болуы мүмкін. Яғни адам өлген, бірақ билік қоғамға бұл туралы өздері қажет деп тапқан кезде ғана жариялайды»,- деген.

Соңғы жаңалықтар