"Бəрі алып жатқан соң, менде алдым": Гүлзира Айдарбекова ет ұрлағанын мойындады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бəрі алып жатқан соң, менде алдым": Гүлзира Айдарбекова ет ұрлағанын мойындады

"Бəрі алып жатқан соң, менде алдым": Гүлзира Айдарбекова ет ұрлағанын мойындады

Танымал продюсер Гүлзира Үсенқызы жас кезінде жұмыс орнынан ет ұрлап айыппұл төлегенін мойындады.

  • 21 Желтоқсан 2020
  • 1895
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы "Ең алғашқы" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ең алғаш Алматыға келген жас Гүлзира жұмыс орынынан ет ұрлап, айыппұл төлегенін еске алып күліп алды.

"Ең алғаш Алматыға ет шығаратын комбинатқа жұмысқа тұрдым. Ол жерде 200-ге жуық қыздар жұмыс жасайтын еді. Бір күні директор тағы қасында үш адам бар келіп мені жəне бір қызды көрсетіп кетті. Содан соң ол қыз екеуіміз пельмен шығаратын цехқа ауыстық. Бір күні барлық қыздар ет алып жатыр екен бөлік,бөлік. Содан үйге алып кетуге рұхсат берген екен ғой деп менде алып сөмкеме салып ерте қайтып кеттім. Жұмыстан шығарда бақылаушыға сөмкемді көрсеттім ішінді ет бар ғой енді. Содан ол дереу ішке апарып 50 рубль айыппұл салып тастаған. Мен қайдан білейін бəрі алып жатқанға менде алуға болады  деп салып алғанмын ғой. Ол кезде 50 рубль менің алғашқы жалақым болатын."- деп продюсер жас кездегі білместікпен жасаған қателігін есіне алып күліп алды.


 

Соңғы жаңалықтар