Бұдан былай айыппұлдар коммуналдық қызметтердің түбіртегімен бірге келетін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бұдан былай айыппұлдар коммуналдық қызметтердің түбіртегімен бірге келетін болды

Бұдан былай айыппұлдар коммуналдық қызметтердің түбіртегімен бірге келетін болды

Қараша айынан бастап Астана тұрғындарының әкімшілік айыппұлдары «Астана-Бірыңғай есеп айырысу орталығының» («Астана-ЕРЦ») түбіртегіне енгізілетін болады.

  • 24 Қараша 2017
  • 221
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Астана» радиосы мен «Elorda Aqparat» медиа ресурсымен бірлескен сәрсенбілік «Елорда тынысы» радио бағдарламасында  «Астана-ЕРЦ» ЖШС бірыңғай төлем құжаты басқармасының басшысы Елена Югринова мәлімдеді, деп хабарлайды «Elorda Info» тілшісі.

«Осы айдан бастап біз түбіртекке жол қозғалысы ережелерін бұзу және құқық тәртібін бұзу бойынша әкімшілік айыппұлдар төлемін енгіздік. Біздің тұрғындар «әкімшілік айыппұл» деген мәтін пайда болған түбіртекті төлеген кезде мұқият болу керек», — дейді Елена Югринова.

Оның айтуынша, биылғы жылы әкімшілік айыппұлдар бойынша төленетін түбіртектерді 3400 мың адам алады. Айыппұл туралы мәліметтерді Астана қаласының Ішкі істер департаменті берді.

Сондай-ақ, «Астана-ЕРЦ» түбіртегіндегі әкімшілік айыппұлдарды төлегенде банктің комиссиясы өзгермейді.

— «Астана-БЕО» ЖШС бірыңғай төлем құжаты басқармасы 2008 жылдың тамызында қалалық әкімдіктің қолдауымен «Астана су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының базасында құрылған болатын, — деген Елена Югринова, — қазіргі уақытта біздің мекеме 270 мың абонентке қызмет көрсетеді. Пәтерлерге, яғни жеке тұлғаларға электр жарығы, жылу, су, газ, телекомуникация, домофон жүйесі, салық, жалға беру, тұрғын үйге жөндеу жүргізу сияқты қызмет түрлері бойынша клиенттік база 500 қызмет жеткізушіні құрайды, — дейді.

Жақында мекеменің өз жұмыстарын жариялайтын арнайы газет баспасының шығарғанын айтқан «Астана-ЕРЦ» ЖШС бірыңғай төлем құжаты басқармасының басшысы қазіргі уақытта сайт жобасының жасалып жатқанын жеткізді. Елена Югринованың айтуынша, бүгінде түрғындар аталмыш газет арқылы осы салаға қатысты ақпараттарға қанық болады. Егер көкейлеріндегі сауалға мамандардан жауап алғысы келсе, газет редакторына хабарласуларына болатынын айтады бірыңғай төлем құжаты басқармасының басшысы.


— Ай сайын 270 мың абонентке осыншама конверт жолданады. Әр конверттің ішінде екі парақтан болады. Сонда есептесеңіз, айына 540 мың қағаз жұмсалады. Бірақ қағазбастылықтан арылатын күннің қашан туатыны әзірге белгісіз. Өйткені тұрғындардың басым көпшілігі ақпаратты қағаз күйінде алғысы келеді. Әйтпесе конверттің ішіндегі ақпараттың электронды нұсқасын да жібере аламыз. Оған мүмкіндігіміз де толық жеткілікті, — дейді Е. Югринова тағы бір сөзінде.

Мекеме басшысының айтуынша, «Астана-ЕРЦ» ЖШС бірыңғай төлем құжаты басқармасының call орталығы «Астана су арнасы» кәсіпорнының құзырына берілген. Қазіргі уақытта «Астана-ЕРЦ» ЖШС-те тек екі оператор ғана жұмыс істейді екен. Олар тұрғындардың қоңырауына жауап беріп, өтініштерін қабылдап, кей кездері байланысты арнайы мамандармен жалғайтын көрінеді.
 

Соңғы жаңалықтар