Бұдан кейін қандай кешірім болатынын да білмеймін - Жадо Меруерт Түсіпбаев туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бұдан кейін қандай кешірім болатынын да білмеймін - Жадо Меруерт Түсіпбаев туралы

Бұдан кейін қандай кешірім болатынын да білмеймін - Жадо Меруерт Түсіпбаев туралы

Меруерт Түсіпбаева мен дизайнер Жадоның арасындағы сот отырысы 18-қаңтарға қалдырылды. 

  • 10 Қаңтар 2017
  • 2895
Фото - Caravan.kz

Бұған әншінің сот отырысына келмей қалуы себеп болған, деп жазады reactor.inform.kz.

Өткен жылдың соңында әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева дизайнер әрі продюсер Жадыра Сахиеваны (Жадо) «білімсіз әрі семіз» деп тіл тигізген болатын. Осы бір ауыр сөздердің соңы сотқа дейін жеткен еді. Әншінің қорлық сөзін көтере алмаған Жадо Меруерттің үстінен арыз жазып, сотқа жүгінді. Бірақ 22-желтоқсанға белгіленген алғашқы сот отырысына Меруерт Түсіпбаева келмей қалғандықтан отырыс 10-қаңтарға қалдырылған болатын. Ал, әнші бүгінгі отырыста да төбе көрсеткен жоқ.

Сот залынан шыққан соң журналистердің сұрағына жауап берген Жадо: «Сөзім жоқ. Сотты сыйламаса не айтуға болады? Бұдан кейін қандай кешірім болатынын да білмеймін»-дейді.   


 
Ал аты шулы Меруерт ханым сол күйі үнсіз. Ләм-мим деп түсінік берген жоқ. 
 

Соңғы жаңалықтар