Бүгін Ақордада президент әкімшілігінің басшысы мен ЕҚЫҰ/ДИАҚБ директорының кездесуі болып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 476.07
  • 541.86
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Ақордада президент әкімшілігінің басшысы мен  ЕҚЫҰ/ДИАҚБ директорының кездесуі болып өтті

Бүгін Ақордада президент әкімшілігінің басшысы мен ЕҚЫҰ/ДИАҚБ директорының кездесуі болып өтті

Астана. 6 -қараша. "Қазақстан Бүгін" - Ақордада бүгін президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков пен ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры Кристиан Штрохальдың кездесуі болып өтті, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

  • 7 Қараша 2007
  • 351
Фото - Caravan.kz

К.Штрохальдың біздің елімізге сапарының негізгі мақсаты ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының 2007 жылғы тамызда Қазақстан Республикасында өткен парламенттік сайлауды бақылауы жөнінде қорытынды есеп беру және одан арғы ынтымақтастық мәселелерін талқылау болып табылады.

Кездесу кезінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ директоры мәлімдегендей, аталған құжатта әділ әрі ашық сайлау өткізуде Қазақстан қол жеткізген айрықша ілгерулер аталып көрсетілген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті