Бүгін Астанада ыстық су беру тоқтатылады - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Астанада ыстық су беру тоқтатылады

Бүгін Астанада ыстық су беру тоқтатылады

27-28 мамырда елорданың кейбір аудандарында ыстық су беру тоқтатылады. Бұл туралы astana.kz сайтына «Астана-Теплотранзит» АҚ хабарлады.

  • 27 Мамыр 2014
  • 270
Фото - Caravan.kz

Мекеменің мәліметінше, Жеңіс, Бөгенбай батыр, Абай даңғылары, Тілендиев, Молдағұлов, Әуезов, Мәскеу, Найзақара, Потанин, Желтоқсан, Сарыарқа, Сейфуллин, Күмісбеков, Бигелдинов, Ирченко, Кенесары, Рысқұлов, Жангелдин, Боталы көшелеріне ыстық судың берілуі істен ажыратылады. Себебі, жылу магистральдарын тығыздыққа дайындау және сынау жұмыстары өткізіледі. Тиісті жұмыстар Астана қаласының кейбір аудандарында жасалып бітті.

«Астана-Теплотранзит» АҚ хабарлауынша, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, ПИК пен ПК төрағалары берілген ұйғарымға сәйкес, ыстық сумен қамтуды желіден айырып тастауы қажет. Әрі осы кезеңде кезекшілік ұйымдастырылуы тиіс. Жылу беру желісіндегі барлық жұмыстар тоқтатылуы керек.