Бүгін Астананың кейбір аудандары жарықсыз отырады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Астананың кейбір аудандары жарықсыз отырады

Бүгін Астананың кейбір аудандары жарықсыз отырады

28 маусымда Елорданың кейбір аудандарында жоспарлы түрде электр энергиясы сөндіріледі.

  • 28 Маусым 2017
  • 256
Фото - Caravan.kz

Бұл жөндеу жұмыстарына байланысты болып отыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы.

28 маусымда сағат 09.00.-ден 13.00.-ге дейін Лермонтов, Павлов, Сенной, Күлтеген даңғылдарында, Сырдария, Әлімжанов, Панфилов, Жангелдин, Сейфуллин, Жаңақұрылыс, Княгинин, Космонавт көшелерінде және сағат 14.30.-18.00. аралығында Тайбеков және Меңдешев көшелерінде жарық ажыратылады.

Сондай-ақ Досмұхамедұлы, Алпамыс батыр көшелерінде жарық сөндіріледі, сағат 09.00.-18.00. аралығында Жансүгіров -4, 4/3, 6/2, Толстой көшелері мен Күлтөбе даңғылы, Вишневский тас жолы-3, Абылайхан-19, 19/2 даңғылы бойынша жарық ажыратылады.

Сағат 09.00.-11.30. аралығында Пригродный даңғылы бойынша, Ақселеу көшесінде, сағат 15.00.-17.00. аралығында Жұбанов-10 көшесінде, сағат 09.30.-17.30. аралығында Оқжетпес, Атакент, Шубин көшелері мен Байсейітова және Жалил көшелерінің қиылысында, Тамшалы, Жароков, Маралсай, Қоғам, Желдірме, Чехов, Кутузов, Атбасар, Қарталы, Рауан, Сүмбе және Талапкер көшелерінің қиылысында жарық сөндіріледі. 28-29 маусымда сағат 09.00.-18.00. аралығында Мүсрепов-2, 2/1, 2/2, 4/2 көшесі жарықтан ажыратылады.


Соңғы жаңалықтар