Жарияланды: 30

Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін ауа райы қандай болады?

Қазақстанның басым бөлігіне кең алқапты антициклон әсеріне байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек оңтүстік  және шығыс бөлігінде атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын жауады, шығыста кей жерлерде – жаяу борасын, көктайғақ.

Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, Caravan.kz медиа хабарлайды.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, тұман күтіледі.

              Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу борасын күтіледі, тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл, жел 15-23 м/с күшейюі күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Қостанай облыстарында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі

                 Түнде Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде үсік 1-3 градус күтіледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін