Бүгін Байқоңырдан «Метеор» спутнигімен «Союз-2.1б» зымыран ұшырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Байқоңырдан «Метеор» спутнигімен «Союз-2.1б» зымыран ұшырылады

Бүгін Байқоңырдан «Метеор» спутнигімен «Союз-2.1б» зымыран ұшырылады

Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан «Метеор -М» нөмір 2-ші спутнигімен және ресейлік және шетелдік ғарыш аппараттарының алты кластерімен «Союз-2.1б» зымыран тасығышы ұшырылады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС Ресейғарыш баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 8 Шiлде 2014
  • 547
Фото - Caravan.kz

Ұшыру 8 шілдеге мәскеу уақытымен 19.58-ге белгіленген, бас  блоктың бөлінуі мәскеу уақытымен 20.07-ге жоспарланған», деді Федералдық ғарыш агенттінен.  

«Союз» зымыраны «Фрегат» екпін беру блогымен орбитаға ресейлік нөмірі 2-ші «Метеор» Жерді қашықтан зондтау спутнигін, сондай-ақ, «Рэлек», DX1, TecDemoSat-1, SkySat-2, UCube-1, AISat-2 алты шағын ғарыштық аппараттарды шығарады.

«Метеор-М» 2-ші гидрометеорологиялық және мұхиттық қамтамасыз ету ғарыштық кешені болмақ. Ол ауа райына болжам жасау мақсатында жаһандық гидрометеорологиялық ақпараттарды жедел алуға, жер маңындағы ғарыштьық кеңістіктегі радиациялық жағдайға және озон қабатына бақылау жасауға арналған.

Метеор-М» нөмірі 2-ші спутнигін ұшыру 2013 жылға белгіленген болатын, одан кейін осы жылғы 28 маусымға ысырылды, алайда ақыры Лавочкин атындағы НӨБ өндірісінің «Фрегат» екпін беру блогында пайда болған техникалық проблемаларға байланысты 8 шілдеге ауыстырылды.