Бүгін Денис Теннің туғанына 26 жыл - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Денис Теннің туғанына 26 жыл

Бүгін Денис Теннің туғанына 26 жыл

Бүгін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің туған күн.

  • 13 Маусым 2019
  • 18
Фото - Caravan.kz

Денис Тен туралы не білеміз?

Денис Тен 1993 жылы 13 маусымда Алматы қаласында өмірге келген. Қазақстандағы ең бірінші болып әлемдегі додаға қатысқан мәнерлеп сырғанаушы.

Отандық және шетелдік жұлдыздардың қатысуымен Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында мұз үстінде шоу ұйымдастырған алғашқы қазақстандық спортшы.

Денис Тен спортшы әрі музыкант өзі жарыққа шығарған бірнеше әні бар.

Денис Тен Жапониядан азаттық алар тұста Кореяның әскери генералы болған Мин Хен Коның тікелей ұрпағы.

Алғашқы ірі жеңісіне 12 жасында қол жеткізген. 2006 жылы Қазақстанның чемпионы атанып, 13 жасында Голландияда өткен жасөспірімдер арасындағы гран-приде үздік ондық қатарына кірді.

2010 жылы Қысқы олимпиадада ерлер арасындағы біріншілікте ең жас мәнерлеп сырғанаушы болып, 11 орынға ие болады.


2011 жылы Алматы қаласында өткен Азиадада алтын жүлдегер атанды.

2013 жылы Ресейдің Сочи қаласында өткен олимпиадада қола жүлдеге ие болады.

Денис Тен 20 жаста Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атағына ие болады.

25 жас 36 күн ғана ғұмыр кешкен Денис Тен 2018 жылы 19 шілдеде пышақ жарақатынан қайтыс болған еді.

 

Соңғы жаңалықтар