Бүгін елімізде Армия халықаралық әскери ойындары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін елімізде Армия халықаралық әскери ойындары басталды

Бүгін елімізде Армия халықаралық әскери ойындары басталды

 

  • 2 Тамыз 2016
  • 366
Фото - Caravan.kz

Қазақстандағы Армия халықаралық ойындарының ресми ашылу рәсімін, сайыс барысын, алдағы байқаулардың ең қызықты сәттерін тікелей көрсетілім арқылы көруге болады. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Caravan.kz хабарлады. 

Барша АрМИ-2016 сайысын көремін деушілер үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің mod.gov.kz. ресми сайтының «АРМИ ОЙЫНДАРЫ-2016» бөлімінде онлайн көрсетілім ұйымдастырылатын болады. Сондай-ақ, ойындар күн сайын отандық «KAZsport» телеарнасында көрсетіледі.

Бүгін Қазақстанда Армия халықаралық ойындары – 2016 додасы бастау алғанын естеріңізге сала кетейік. Еліміздің аумағында АрМИ бағдарламасының екі байқауы өтеді. Ол: «Артиллериялық оқ ату шеберлері» және «Мерген шебі». Тамыздың 2-і мен 9-ы аралығында «Гвардейск» полигоны әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған үздік мергендер мен артиллерияшылардың ірі сайысы өрістетілетін орынға айналады.

Жарысқа 12 елден, яғни, Қазақстан, Армения, Беларусь, Венесуэла, Зимбабве, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Ресей және Грекиядан 270-тен астам әскери қызметші қатысады.



 

Соңғы жаңалықтар