Бүгін елімізде жауын-шашын мен дауыл көп болуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін елімізде жауын-шашын мен дауыл көп болуы мүмкін

Бүгін елімізде жауын-шашын мен дауыл көп болуы мүмкін

Синоптиктердің болжауынша, үсік және қатты жел күтіледі. Қазақстанның бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды.

  • 8 Қыркүйек 2017
  • 304
Фото - Caravan.kz

8 қыркүйекте Ақмола Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, 8-9 қыркүйекте Павлодар,  9 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 2 градус үсік күтіледі.

Астана қаласында түнде 8 қыркүйекте топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.

8 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде найзағай, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшеюі күтіледі. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Орал қаласында 8 қыркүйекте солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 18 м/с-ке дейін күшейеді.

8 қыркүйекте күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай болады, оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі, бұршақ жаууы, шквал болуы мүмкін.

Ақтөбе қаласында 8 қыркүйекте күндіз найзағай болады, оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 18 м/с күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.


8 қыркүйекте Атырау облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай күтіліп, бұршақ, дауыл болуы ықтимал, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Атырау қаласында 8 қыркүйек найзағай күтіліп, бұршақ, дауыл болуы ықтимал, күндіз оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

Соңғы жаңалықтар