Бүгін еліміздің басым аймағында күн ашық болады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін еліміздің басым аймағында күн ашық болады

Бүгін еліміздің басым аймағында күн ашық болады

Синоптиктер жаздың соңғы күніне арналған ауа райы болжамын жариялады. Олардың айтуынша, еліміздің басым аймағында күн ашық болады. 

  • 31 Тамыз 2017
  • 1083
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның солтүстігі, шығысы мен қиыр батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, еліміздің қалған бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды Қазгидромет.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің екпіні — 15-20 м/с, шаңды дауыл соғады.

Қостанай облысында, күндіз Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде желдің екпіні — 15-20 м/с.

Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады деп күтіледі.


Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстарында, Оңтүстік Қазақстан Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар