Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы өте құбылмалы болады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы өте құбылмалы болады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы өте құбылмалы болады

Синоптиктер Қазақстан аймақтарында 20 маусымда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау–консультациясын жариялады.

  • 20 Маусым 2017
  • 172
Фото - Caravan.kz

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Тек республиканың  оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Caravan.kz "Қазгидромет" ақпаратына сүйеніп.

Солтүстік  Қазақстан облысында  жел 15-20 м/с күшеюі сақталады,  кей жерлерінде желдің екпіні 23-28 м/с болады, кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с болады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Ақтөбе, Маңғыстау, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, күндіз  Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Күндіз Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады. 

Астана қ
: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыс, оңтүстік-батыстан соғады күші 9-14 м/с.  Ауаның  температурасы түнде +15+17°С, күндіз +28+30°С болады.

Алматы қ: көшпелі бұлтты, өткінші  жаңбыр жауады, найзағай болады. Жел 2-7, найзағай кезінде желдің екпіні 10 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +19+21°С, күндіз +30+32°С болады.                                                                                                                                                                              

Соңғы жаңалықтар