Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін

Синоптиктер Қазақстан аймақтарында 23 маусымда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау–консультациясын жариялады.

  • 23 Маусым 2017
  • 266
Фото - Caravan.kz

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр күтіледі,  найзағай болады, бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың қиыр батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең республиканың солтүстігінің  кей жерлерінде тұман күтіледі, деп хабарлайды Caravan.kz "Қазгидромет" РМК-на сілтеме жасап.

Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-22 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жекелеген аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 23 м/с болады. Қарағанды, Қызылорда,  Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік  Қазақстан облысының түнде және таңертең кей   жерлерінде тұман күтіледі.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Күндіз Қызылорда облысында, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.


Астана қ: көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауады. Жел шығыстан соғады, күші 9-14 м/с.  Ауаның  температурасы түнде +16+18°С, күндіз +27+29°С болады.

Алматы қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с . Ауаның температурасы түнде+21+23°С, күндіз +33+35°С болады.                                                                                                                                                                              

Соңғы жаңалықтар