Бүгін еліміздің басым бөлігінде бұрқасындатып, көктайғақ болады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін еліміздің басым бөлігінде бұрқасындатып, көктайғақ болады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде бұрқасындатып, көктайғақ болады

3 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын жауып, тұман  түседі,

  • 3 Қараша 2015
  • 319
Фото - Caravan.kz


көктайғақ болып, желдің күшеюі күтіледі, тек оңтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, түнде Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Атырау, күндіз Маңғыстау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі, Павлодар облысының күндіз кей жерлерінде көктайғақ болады. 
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің 15-23 м/с күшеюі күтіліп, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. 
Ақмола облысында жел соғады, күші 15-20 жетеді, кей жерлерінде екпіні 25 м/с жаяу бұрқасын болады.