Бүгін еліміздің басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін еліміздің басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын болады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын болады

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың шығыс жартысының кей жерлерінде қар жауады, батыс жартысында ауа райы жауын-шашынсыз.

  • 16 Қаңтар 2018
  • 124
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Еліміздің кей өңірінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болып, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді, бұрқасын болуы мүмкін.


Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

 

Соңғы жаңалықтар