Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Республиканың батыс және солтүстік-батыс аймақтарында жаңбыр, кей жерлерде нөсер жауын жауып, найзағай болады, жел күшейеді. Күндіз батыста бұршақ жаууы мүмкін

  • 2 Маусым 2017
  • 311
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Қазгидромет" метеоқызметіне сілтеме жасап, Sputnik хабарлады.

Қазақстанның басым бөлігіне антициклон әсер етеді, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың батыс және солтүстік-батыс аймақтары атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінде болады. Сонымен байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі. Жаңбыр, кей жерлерде нөсер жауын жауып, найзағай болады, жел күшейеді. Күндіз батыста бұршақ жаууы мүмкін,

Республиканың солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарында түнде және таңертең  кей жерлерінде тұман болады. Солтүстік  Қазақстан, Қостанай, облыстарының  кей жерлерінде желдің 15-20 м/с  дейін күшеюі күтіледі,  түнде және таңертең — тұман болады. Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе,  күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.


Соңғы жаңалықтар