Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады. - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады.

Елдің батысында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Ал республиканың қалған аймақтарында күн ашық болады.

  • 3 Қыркүйек 2017
  • 246
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады. 

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді. Батыста ол шаңды дауылға ұласып, солтүстікте тұман түсуі ықтимал.

Жамбыл, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында күндіз жел күшейеді. Батыс Қазақстан облысында күн күркіреп, бұршақ жаууы да мүмкін. Күндіз желдің күші секундына 15-20 метрге жетіп, арты шаңды дауылға ұласады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таң ата тұман түсуі ықтимал.

Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде күн күркірейді. Күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде және Қостанай, Қарағанды облыстарында күн қатты ысиды.


Ақтөбе облысында күн қатты ысиды. Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда облыстары мен Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарында өрт қауіпі сақталады.

Соңғы жаңалықтар