Жарияланды: 320

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын соғады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын соғады

16 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын болып, қар жауады,

бұрқасын соғып, тұман түседі, көктайғақ, желдің күшеюі сақталады. 

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасынмен бірге жел 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі. 
Алматы, түнде Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіліп, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. 
Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасынмен бірге желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман, бұрқасынмен бірге жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Павлодар облысында бұрқасын болып, 18 м/с жел соғады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін