Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жаумайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жаумайды

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жаумайды

Қазақстанның басым аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тек республиканың солтүстігінде, батысында және шығысында ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, желдің күшеюі, бұршақ, дауыл болуы мүмкін. 

  • 8 Тамыз 2017
  • 243
Фото - Caravan.kz

Шығыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 17-22, екпіні 30 м/с күшеюі күтіледі, жекелеген аудандарда бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі.

Оңтүстік-Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с бұрқасынмен қатар күшеюі күтіледі. Солтүстік  Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, күндіз жекелеген аудандарда бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Батыс-Қазақстан, Қостанай  облыстарының күндіз кей жерінде жел 15-20м/с күшеюі күтіледі, Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұршақ болуы мүмкін. Жамбыл облысының кей жерінде жел 15-20 м/с бұрқасынмен күшеюі күтіледі.

 Күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарында өте қатты ыстық ауа райы сақталады, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе облыстырында өте ыстық, кей жерлерде өте қатты ыстық, Алматы, Жамбыл, Кызылорда кей жерлерде Оңтүстік-Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында қатты ыстық күтіледі.          

Атырау, Қызылорда, Алматы, кей жерлерде Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Астана қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 5-10 м/с. Ауаның  температурасы түнде +13+15°С, күндіз +26+28°С болады
Алматы қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +20+22°С, күндіз +34+36°С болады

Соңғы жаңалықтар