Жарияланды: 370

Бүгін еліміздің кей өңірлерінде жауын-шашын жауып, жел күшейеді

Бүгін еліміздің кей өңірлерінде жауын-шашын жауып, жел күшейеді

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын жауып,

тұман, көктайғақ болып, желдің күшеюі күтіледі. Тек республиканың оңтүстік-шығысы және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді. 
Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман болады, күндіз Атырау облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін