Бүгін еліміздің кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін еліміздің кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Бүгін еліміздің кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстың кей жерлерінде қатты жауын болып, тек республиканың оңтүстік-шығыс және шығысында  жауын-шашынсыз ауа-райы болады. Кей жерлерінде жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстың кей жерлерінде тұман болады.

  • 23 Мамыр 2017
  • 382
Фото - Caravan.kz

"Қазгидромет" еліміздің аймақтарында 23 мамырда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау жасады, деп хабарлайды Caravan.kz.

Ақмола облысының кей жерлерінде түнде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады. Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с болады. Қостанай облысының кей жерлерінде түнде желдің күшейюі күтіледі, күндіз 15-20, күндіз кей жерлерінде екпіні 25 м/с болады. Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, күндіз Жамбыл, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с дейін жел күшейеді. Түнде Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с болады. Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде — тұман болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұшақ болуы мүмкін.

Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтілуде.


Қарағанды облысында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астана қ: көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай болады.. Оңтүстік-батыстан  соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14, екпіні 15-20 м/с.  Ауаның  температурасы түнде +14+16°С, күндіз +26+28 °С болады.

Алматы қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +14+16°С, күндіз +30+32°С болады.

Соңғы жаңалықтар