Жарияланды: 580

Бүгін Италия Республикасының ұлттық мейрамы - республиканың құрылған күні

Бүгін Италия Республикасының ұлттық мейрамы - республиканың құрылған күні (1946).

Италия - Еуропаның оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауындағы Апенин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Әкімшілік жағынан 20 облысқа бөлінеді. Оның бесеуі Сицилия, Сардиния, Трентино-Альто-Адидже, Валле Д´Аоста, Фриули-Венеция-Джулия ерекше автономиялық мәртебеге ие. Сонымен қатар Италия аумағында тәуелсіз Ватикан және Сан-Марино мемлекеттері орналасқан. Астанасы - Рим қаласы. Ресми тілі - итальян тілі. Ақша бірлігі - еуро. Италия - парламенттік республика. 1948 жылы қабылданған Конституциясы бойынша елді Президент басқарады. Заң шығарушы органы екі палаталы парламент - Республика сенаты және Депутаттар палатасы. Атқарушы билік Министрлер Кеңесінің қолында. Қазақстан Республикасы мен Италия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы 12 маусымда орнатылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть