В тобының орталық матчында “Арсенал” өз алаңында “Шалькені” қабылдамақ. Алғашқы екі айналымнан кейін Арсен Венгер шәкірттері 6 ұпаймен өз тобында көш бастап тұр. Ішкі біріншілікте “Норвичке” есе жіберген лондондық клуб жанкүйерлерін қуантуға асық. Алайда “Арсенал” сапында Окслэйд-Чемберлен көмектесе алмайды. Есесіне Косьельни негізгі құрамға оралды. “Шальке” сапында шебер ойыншылар аз емес. Голландиялық шебер Хунтелар бұл матчта көзге түскісі келетінін жасырмады. Бұл бәсекені сіздер “КТК” арнасынан Астана уақытымен 00:45 те көре аласыздар.