Бүгін күн жауын-шашынды болады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін күн жауын-шашынды болады

Бүгін күн жауын-шашынды болады

Синоптиктердің болжауынша, сәрсенбі күні еліміздің кейбір облыстарында, жауын-шашын жауып, жел күшейеді және боран соғады. Сөйтіп, Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, солтүстікте жел тұрады және орталықта боран соғады.

  • 4 Қаңтар 2017
  • 482
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитетіне сілтеме жасап, Sputniknews.kz хабарлады.

Ақмола облысында жел ұйытқиды деп күтіледі, екпіні – 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, кей жерлерде боран соғып, көктайғақ болуы ықтимал. Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 18-23, ұйытқуы 28 м/с, түнде кей жерлерде – тұман, көктайғақ.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20, түнде ұйытқуы 23 м/с. Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде боран, көктайғақ, желдің екпіні 15-20, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында оқтын-оқтын жел ұйытқиды 23 м/с. Павлодар облысында кей жерлерде – боран, көктайғақ, желдің екпіні 17-22 м/с. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде – боран, тұман, желдің екпіні 15-20, ұйытқуы 25 м/с.

Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с, Қарағанды облысында кей жерлерде – боран. Атырау, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Маңғыстау облысында – кей жерлерде тұман.    


Соңғы жаңалықтар