Жарияланды: 410

Бүгін “Ливерпуль” мен “Анжи” арасындағы матчты “КТК” арнасынан көре аласыз

Биылғы маусымда “КТК” арнасының көрермендері футболдан чемпиондар лигасын тікелей көрсетілімдерін тамашалауға мүмкіндік алды. Топтық кезеңнің тартысты бәсекелері әрбір футбол жанкүйерін бей-жай қалдырмағаны анық.

В тобының орталық матчында лондондық “Арсенал” гельзенкирхендік “Шалькені” қабылдады. Қос алыптың өзара бәсекесін “КТК” арнасы тікелей эфирде көрсеткен болатын. Бұл жұпта англиялық клуб фаворит саналған. Бірақ іс жүзінде барлығы керісінше болды. Алғашқы таймда шабуылдан гөрі қорғанысқа баса мән берген командалар үзілістен кейін ашық ойынға көшті. Ішкі біріншіліктің соңғы матчында сәтсіз өнер көрсеткен “Арсенал” бұл жолы да жанкүйерлерін қуанта алмады. 76-минутта Клаас-ян Хунтелар “Шалькені” алға шығарса, араға тура 10-минут салып Ибрагим Афеллай қорытынды есепті орнатты. Ал бүгін арнамыз футбол жанкүйерлеріне тағы да сый дайындап отыр. Еуропа лигасы аясында “Ливерпуль” мен “Анжи” арасындағы матчты “КТК” эфирінен жіберіп алмаңыздар. Бұл кездесу Астана уақытымен түнгі сағат 1:05-те басталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін