Жарияланды: 310

Бүгін Мәскеуде Ресей мен Қазақстан премьерлері кездеседі

Бүгін Мәскеуде Ресей мен Қазақстан премьерлері кездеседі

Дүйсенбі күні Мәскеуде РФ премьері Дмитрий Медведев пен Қазақстанның үкімет басшысы Серік Ахметов кездеседі.

«Кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың маңызды мәселелері, мұнай-газ кешені, атом және электр энергетикасы, ғарыш, өнеркәсіп кооперациясы жайы сөз болады», - деп хабарлайды Ресей үкімет басшысының баспасөз қызметі. Сонымен қатар, екі елдің үкімет басшылары Кеден Одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберіндегі интеграциялық байланыстар тақырыбын да сөз етіседі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін