Жарияланды: 400

Бүгін Мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Қажылық басталды

Бүгін Мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Қажылық басталды. Әлемнің төрт бұрышынан бес парыздың бірін өтеуге жиналған жамағаттың санында қисап жоқ. Қасиетті Қағбаны 7 рет айналып, Жаратушыдан жәрдем тілеуге жеткен жұртшылықтың ішінде 5 мыңнан аса отандасымыз да бар.

Жылдағы дәстүр бойынша өткен түнді жиналған жамағат ашық аспан астында өткізді. Қуантатын жайт, қажы атанбаққа барған мұсылмандардың саны жыл санап артып келе жатқан көрінеді. Бір ғана мысал, 1932 жылы Меккеге 20 мың мұсылман барса, өткен жылы 3 миллионға жуық халық жиналған. Биылда бұл көрсеткіш айтарлықтай төмендемейді деген сенім бар. Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының дерегіне сүйенсек, биыл Сауд Арабиясының қажылық министрлігі Қазақстанға 5 мың 500 квота бөлген. Отандастарымызды қасиетті сапарға апарумен 20 туристік компания айналыспақ. Қазақстаннан қажылыққа аттанғандардың ең жасы 20-да, ал ең егдесі-сексеннің сеңгіріне шығыпты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін