Қазақстанның кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жеткен Нұрсұлтан Назарбаев сәрсенбіде қызметіне ресми кірісу салтанаты аясында — ұлықтау рәсімінде ант қабылдайды.
Жексенбіде Қазақстанда республиканың кезектен тыс президент сайлауы өтті. Сайлауға үш кандидат қатысты: елімізді 1989 жылдан басқарып келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан коммунистік халық партиясының Орталық комитетінің хатшысы Тұрғын Сыздықов және ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов. ҚР Президентінің сайлауына сайлаушылардың келуінің қорытынды нәтижелері 95,21 пайызды құрады.Қазақстанның қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаев ОСК деректерІ бойынша 97,75 % дауыс жинап, президенттік сайлауда жеңіске жетті, - деп хабарлайды http://today.kz/kz сайты