Жарияланды: 890

Бүгін - Қазақстан Республикасында алкогольді пайдаланудан бас тарту күні

Бүгін - Қазақстан Республикасында алкогольді пайдаланудан бас тарту күні

Алкогольді пайдаланудан бас тартудың ұлттық күні елімізде 2007 жылдан бастап атап өтіліп келеді.

Ішімдікке салыну әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда адамды өлімге алып келетін және еңбекке жарамдылығынан айыратын себептердің бірі болып табылады. Алкогольді пайдалану жанұяда, жұмыста проблемалы жағдайларды туындатып, қайғылы оқиғалардың, криминалдық тәртіптің, кісі өлтіру мен өз-өзіне қол жұмсаудың қаупін арттырады. Мәселен, статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қасақана және қасақана емес дене жарақаттарын салудың 40-60 пайызы ішімдікті пайдаланумен байланысты. Барлық аурулардың 9 пайызға жуығы алкогольді пайдаланудан өршиді, ол бауыр циррозының, қатерлі ісіктің кейбір түрлерінің, қан қысымының көтерілуі мен инсульттің, балаларда жүрек ақауларының қаупін арттырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес, әлемде ішімдікті асыра пайдаланудың салдарынан жыл сайын 2,5 миллион адам көз жұмады. Яғни безгек ауруынан бақилық болатындардан 3 есеге көп. Мамандардың пайымынша, халық арасында алкоголизмнің етек жаюы бағамен, уақытпен және сатылым орнымен анықталатын - ішімдіктің қолжетімділігімен байланысты. Алкогольге қолжетімділік пен ішімдікке салыну деңгейінің арасындағы байланысты статистика растап отыр. Қазақстан Республикасы қалаларындағы ащы суды сататын дүкендердің орналасу тығыздығы қаланың 210 тұрғынына шаққанда 1 сауда нүктесінен келеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін