Жарияланды: 400

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде желдің жылдамдығы 20 м/с-ға дейін жетеді

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде желдің жылдамдығы 20 м/с-ға дейін жетеді

Бүгін Қазақстанның көп бөлігі атмосфералық фронттардың ықпалында болғандықтан, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейеді.

Тек оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Жамбыл, Ақтөбе, күндіз  Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды.

Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Оңтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде,  Жамбыл,  Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.                                                                                                        

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін