Бүгін Қазақстанның кейбір аймақтарында үсік болады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Қазақстанның кейбір аймақтарында үсік болады

Бүгін Қазақстанның кейбір аймақтарында үсік болады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, республиканың орталығында және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

  • 24 Мамыр 2019
  • 73
Фото - Caravan.kz

Республиканың кей жерлерде найзағай, тұман, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Бұл туралы Қазгидромет-ке сілтеме жасап, Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, түнде жел кей жерлерінде     15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с және одан аса күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі, түнде жел кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі, таңертең жене күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, таңертең жене күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Атырау облысынын кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан, таңертең жене күндіз Қызылорда, күндіз Ақтөбе облыстарынын кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 18 м/с күшейеді.    

  Түнде Қарағанда облысының кей жерлерінде 1 градус, Шығыс Қазақстан облысында 3 градус үсік сақталады.


Қызылорда, Ақтөбе облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.