Бүгін Құрбан айттың алғашқы күні - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Құрбан айттың алғашқы күні

Бүгін Құрбан айттың алғашқы күні

Құрбан айт – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол «ораза айттан» кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады.

  • 12 Қыркүйек 2016
  • 1004
Фото - Caravan.kz

Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері Аллаға арнап құрбандық шалады, мал сояды (жылқыдан басқа). Бұл мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі.[1]

Әрбір мұсылман Алла разылығы үшін мүмкіндігі болса құрбан шалады, мал сояды (жылқы малынан басқасын).Алланың бұйыруы бойынша бірінші құрбандық Ибрагим Пайғамбардың сүйікті баласы – Исмайыл болуы керек болды. Не әкесі, не баласы қарсы болған жоқ. Алла әкесі мен баласының өзіне берілгендігіне көз жеткізіп, оларды құрбандыққа шалған жұмақтан аспан түстес көк қошқарды түсіріп, оларға мейірім түсірді. Содан бері дәстүр жалғасын табуда. Оны орындау – әрбір мұсылманның міндеті. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр және түйе малын шалады. Басқа жануарлар қолданылмайды. Ауру, соқыр мал құрбандыққа шалынбайды. Мұсылмандар үшін Құрбан айттың бірінші күні маңызды болып саналады. Бұл күні мешіттерде айт намазы оқылады. Айттың осы бірінші күнінде адамдар бір-бірін құттықтап, бір-бірінің үйінен дастарқаннан дәм татады, бұл күні әр мұсылманның үйінде дастарқан жайылады. 

Құрбан айт күні ертерек тұрып, ғұсыл алып, таза киім киіп, хош иісті әтір сеуіп, көшеде жолыққан адамға ашық жүзбен қарау, құрбандық етімен ауыз ашу үшін намаздан алдын ештеңе жемей, намазға бара жатқанда тәкбір айту – хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың сүннеті. Алла Тағала әмірі мен пайғамбарлар сүннетін орындау Жаратушы Иеміздің ризашылығына жақындатып, ақиретте сый-сияпатына кенелтеді. Сондықтан да айтқа ниеттеніп, дайындалушы немесе ынта-ықыласымен құрбандық шалушының Тәңірі мейіріміне бөленіп, о дүниеде жүзі жарық, мол сауапқа ие болары сөзсіз. Қажылыққа барған тәуап етушілер мен оған себепті жағдаймен бара алмағандарға айт күндері ортақ ғибадат – құрбандық шалу. Бұл – айтулы мерекенің ең маңызды амалы. Құрбандық деп құрбан айт күндерінде ғибадат ниетімен шалынатын малды айтады. Сондықтан бұл құрбандық шалу мерекесі, яғни Құрбан айт деп аталады. Қасиетті Құран Кәрім және Ислам тарихы бойынша бұл мереке мен оның шежіресі сонау адамзаттың атасы Адам (ғ.с.) ата және дәстүрлі діндердің түп атасы Ибраһим (ғ.с.) мен оның ұлы Исмайыл (ғ.с.) пайғамбарлармен тығыз байланысты. Құрбан айт күндері шариғат бойынша нисап мөлшеріндегі, яғни 85 грамм алтынға тең ақшасы бар, бас бостандықтағы, ақыл-есі бүтін, жолсапарда емес мұсылманға кем-кетіксіз бір жастағы қойды немесе ешкіні немесе бір адамнан жеті адамға дейін ниеттерін біріктіріп, екі жастағы сиыр немесе бес жастағы түйені құрбандыққа шалу уәжіп. Құрбандықтың уәжіпті қасиетті Құранда: «Раббың үшін (айт намазын) оқы, құрбандық шал», – деп бұйырылған. Ал әз Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім мүмкіндігі бола тұра құрбандық шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын!»

Құрбан айттың бірінші күні

Құрбан айттық бірінші күні (Зилхиж-жаның 10-ыншы күні) таң атқаннан кейін Муздәлифәда таң намазы оқылады. Таң намазынан кейін Муздәлифә уақфасы жасалады. Жерге жарық түскенге дейін дұға етіліп, тілек тіленеді. Сосын қажылар күн шықпай Минаға қарай бет алады. Минада шатырларға орналасқаннан кейін шайтанға тас лақтыру үшін Үлкен шайтанға (Ақаба жәмрасына) барады. Құрбан аиттың бірінші күні Үлкен шайтан тасқа (Ақаба жәмрасына) жеті тас лақтырылады. Әр тасты: «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар, рағман лиш-шайтани уа хизбиһ» деп айтып, лақтырады. Мағынасы: «Аллаһтың атымен' Алла ұлы, шайтан және оған ергендер қаламаса да». Алғашқы тас лақтырылғанда тәлбия айту тоқтатылады. Үлкен шайтанға жеті тас лақтырғаннан кейін тәматтуғ немесе қиран Қажылығын орындаушылар Харам аумағының кез-келген жерінде мойындарына уәжіп құрбандарын шалады немесе басқа біреуді өкіл жасап шалдырады. Ифрад Қажылығын орындаушыларға құрбан шалулары уәжіп болмағандықтан нәпіл құрбан шалуларына болады.

Ифрад Қажылығын орындаушылар Үлкен шайтан таска (Ақаба жәмрасына) 
тас
 лақтырғаннан кейін, ал, тәматтуғ және қиран Қ-ғын орындаушылар құрбандарын шалғай соң, шаштарын алғызып немесе кысқартып ихрамиан шығады. Ихрамда харам болған нәрселердің бәрі қайтадан халал болады. Тек қана әйелдерімен барғандар зиярат тауабын жасағанға дейін жыныстық қатынас жасай алмайды.

Ихрамнан шыққаннан кейін, Меккеге барып, зиярат тауабы жасалады. Бұл тауап былай жасалады: Жақсылап дәрет алып, бар ықыласпен Мәсжидул-Харамға қарай зікір айтып, баяу жүріспен барады. Ер кісілер тауапты бастамас бұрын ридаларын (дененің үстіңгі жағына оралатын ихрам матасы) оң қолтықтарының астынан өткізіп, сол иықтарының үстінен тарта орайды. Тауапқа байланысты осы әзірліктерді істегеннен кейін «Аллаһым, мен сенің ризалығың үшін зиярат тауабын жасауды ниет еттім. Зиярат тауабын маған жеңіл ет және менен қабыл ал» — деп ниет етіп, Рукнул-Йәмани жағынан қара тастан қарсысына барады. Мүмкіндік болса, тәкбір және таһлил айтып, қара тасты сүйеді. Ал егер мүмкін болмаса, қолмен ишарат етіп, сәлемдеседі. Қара тастың орналасқан бұрышында тауаптың басталатын жерін білдіретін қоңыр сызық бар. Міне, осы сызықтық тұсынан тауап басталады. Егер тауап бұл сызықтық яғни, қара тастың дәл карсысынан емес кішкене алдыңғы жағынан басталынған жағдайда айналым толық болмай қалады. Қағбаны сол жағына алып, оң жағымен тауапты бастайды. Әр айналымның басында қара тасқа сәлем береді. Барлық айналымдар-да Рукнул-Йәмәни мен Рукнул-Хажа-рул-Әсуәдтің арасында мына дұға оқылады: «Раббәна әәтина фид-дуниәә хасанатан уа фил-әәхирати хасәна, уа қина а'азабәннар. Уа адхилнал-жәнната ма'ал-абрар, Иа А'азизу на Ғаффар. Иа раббал-а'аламин». Мағынасы: «Раббымыз бізге бұл дүниеде де, ақыретте де тек жаксылығыңды беріп, бізді от азабынан сақта' Бізді жақсы, игі кұлдарыңмен бірге жәннатқа кіргіз. Уа, А'азиз, уа, аса кешірімді Ғаффар, уа, бүкіл әлемнің Раббысы».

Алғашқы үш айналымда ер кісілер адымдарын жиі-жиі алып иықтарын сілкіген бойда, жылдам-жылдам жүреді. Бұлай істеу «рәмәл» делінеді. Рәмәл істеу — сүннет, істелінбеген жағдайда тауаптың дұрыстығына зиян келтірмейді. Тауап аяқталғаннан кейін мүмкін болған жағдайда, Ибраһим мақамында, болмаса, мешіттің кез келген жерінде екі рәкат намаз оқып, дұға жасалады. Сосын зәмзәм суын ішеді. Егер арафа күнінен бұрын Қ. сағиі жасал-маған болса, зиярат тауабынан кейін жасалады. Зиярат тауабының құрбан аштың үшінші күні ақшам уақытына дейін жаса-луы Имам Әбу Ханифа бойынша — уәжіп, ал Имам Әбу Юсуп және Имам Мұхам-мед бойынша — сүннет. Жалпы Ханафи мазһабында бұл тауапты Құрбан айттық бірінші күні жасау — абзал. Зиярат тауабын жасаған соң Минаға қайта қайтып, шайтанға тас лақтыру күндерінің түн-дерін сол жерде өткізу Ханафи мазһабында -сүннет, ал басқа мазһабтарда — уәжіп. Қазақстанда Құрбан айттың бірінші күні демалыс болып табылады.

Құрбан айттың екінші, үшінші және төртінші күндері

Құрбан айттың екінші, үшінші және төртінші күндері (Зилхижжаның ІІ, 12, 13-ші күндері) күн тас төбеден ауғаннан кейін бірінші — Кішкентай; екінші — Орта; Үшінші Үлкен шайтан тастарға жеті-жетіден тас лактырады. Кішкентей және Орта шайтан тастарға тас лақтырып болғаннан кейін дұға жасалады. Үлкен шайтан тасқа тас лақтырған соң дұға жасамай, дереу ол жерден кетеді. Құрбан айттың екінші және үшінші күндері күн тас төбедей аумай шайтан тастарға тас лактырмайды. Құрбан айттың төртінші күні шайтан тастарға тас лақгырмайтындар (бұл күні лақтыру абзал, бірақ уәжіп емес) төртінші күні таң атпай Минадан қайтулары шарт. Әйтпесе, төртінші күні де тас лақтырулары уәжіп боп қалады. Яғни, Минада қалғандар үш шайтан тастың әрқайсысы жеті-жетіден тас лақтырып, Меккеге қайтады. Миқат шекараларының сыртынан келгендер Меккеден шығар кезде қоштасу тауабын жасайды. Бірақ одан да бұрын жасауларына болады. Егер бұрын жасалып қойса, Меккеден шығар кезде қайта жасау шарт емес. Қоштасу тауабын жасағаннан кейін Қағбаға барып, намаз оқып, нәпіл тауап жасауға болады. Мұндай жағдайда ең соңғы жасаған нәпіл тауабы -уадағ (қоштасу) тауабы деп есептеледі. Хайыз және нифас жағдайындағы әйелдер қоштасу (уадағ) тауабын жасамайды. Мәсжидул-Харамның есігіне дейін барып, Қағбамен қоштасып кайтады. Ибну Аббас бұл турасында «Әйел адам хайыз жағдайында болса, қоштасу (уадағ) тауабын жасамастан жолға шығуына рұқсат етілді» (Бухари, Хайыз, 27/Хаж, 144; Муслим, Хаж, 382 (1328),- деп риуаят еткен. Міне, осылайша Қ. амалдары тәмамдалады.

Соңғы жаңалықтар