Бүгін Ресейде қаралы күн - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Ресейде қаралы күн

Бүгін Ресейде қаралы күн

Ресейде президент Владимир Путиннің жарлығымен 28 наурыз Кемерово қаласындағы "Зимняя вишня" сауда орталығында болған өрт құрбандарын ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

  • 28 Наурыз 2018
  • 35
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұған дейін Ресейдің бірнеше аймағында Кемероводағы өрттен ондаған адамның құрбан болуына байланысты қаралы күн жарияланған. Кемеровода құрбандарды еске алу мақсатында аяқ асты ұйымдастырылған акцияға қатысушылар билікті қаралы күнді "қаза тапқандардың саны анықталғанда ғана жариялады" деп кінәлады. Ресми дерек бойынша, өрттен 64 адам қаза тауып, 40-тан астам адам зардап шеккен.

Сейсенбі күні түске дейін Кемерово қалалық әкімдігі алдында митинг өтті. Шараға қатысқандар қайғылы оқиғаға жауаптыларды жазалап, қаза тапқандардың нақты санын айтуды талап етті. Қаза тапқандардың туыстары мен өрт кезінде сауда орталығында қамалып қалғандар ресми дерекке сенбейді.

"Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығында өрт 25 наурыз күні күндіз басталып, 26 наурыз күні таңертең сөндірілген.

Оқи отырыңыз:

Кемероводағы өрт құрбандарының соңғы сәтте жан ұшыра көмек сұраған дауыстары жазылған видео тарады

Кемероводағы өрт: 13 баланың мүрдесін туыстары таныды
Кемероводағы өрт құрбандарының саны артты. Арасында губернатор Аман Төлеевтің туысы — 11 жастағы қыз да бар
Ресейде өрттің салдарынан 37 адам қаза тауып, 64 адам жоғалып кеткен

 

Соңғы жаңалықтар