Жарияланды: 2900

Бүгін “Жігіттер” тобының әншісіне Санкт-Петербургте ота жасалмақ

Бүгін “Жігіттер” тобының әншісіне Санкт-Петербургте ота жасалмақ

«Жігіттер» тобының әншісі Мырзахан Махановқа Санкт-Петербургте ота жасалмақ. Әзірге әншінің қандай ауруға шалдыққаны белгісіз. Десе де, әріптесі әрі досы Ердос Қанаев әншінің ақысына дұға тілеуді өтінді.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бірнеше минут бұрын Ердос Қанаев әріптесіне шетелде ота жасалғалы жатқанын хабарлады. «Құрметті достар! Мырзаxан ұлдарыңыздың ақысына дұға етіп қойыңыздаршы. Бүгін Санкт-Петербург қаласында операция жасатқалы жатыр. Ин шәә Алла Алла шипасын берсін», – дейді Ердос Қанаев.

Желі қолданушылары бірауыздан отаның сәтті өтуіне тілектес екендерін жеткізді. «Алла шипасын берсін», «Алла жеңіл болуын нәсіп етсін», «Елімізге аман-есен сауығып оралсын», «Орталарыңызға аман-есен оралсын», «Отбасына, жақындарына, тыңдармандарына аман-есен оралсын» деп жазады олар. Арасында әншінің диагнозы туралы сұрағандар да болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін