Жарияланды: 80

Бүгіннен бастап бірнеше түн бойы аспаннан жұлдыз жауады

Бүгіннен бастап бірнеше түн бойы аспаннан жұлдыз жауады

Жыл сайын болатын ғарыштық құбылыс – Персеида метеориттері жауыны – Жерде 9 тамызда басталып, 13 тамызға қараған түні шарықтау шегіне жетеді.

Дәл осы түні Жер тұрғындары аспаннан толассыз жауған жұлдыздарға куә болмақ. Метеориттер жауыны аспан ашық болса, тіптен жарқырап көрінеді. Жаңа Ай да, астрономдардың айтуынша, жұлдыздар жауған түннің есте қаларлықтай өтуіне септігін тигізеді.

Алайда биыл Персеида жауыны бұрынғы жылдармен салыстырғанда онша тығыз болмайды екен: 80-100 "аққан жұлдыздың" орнына небәрі 50-75 метеор жауады.

Ғалымдардың айтуынша, жұлдыздардың ағуы адамдардың өміріне немесе орбитадағы зондтарға еш әсерін тигізбейді.

Метеориттер жауыны 25 тамызға дейін белсенділігін жоғалтпайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть