Жарияланды: 2200

"Бүгіннен бастап келіншегімді өз атымен қатын дейтін боламын": Белгілі журналист Баян Алагөзоваға қарсы шықты

"Бүгіннен бастап келіншегімді өз атымен қатын дейтін боламын": Белгілі журналист Баян Алагөзоваға қарсы шықты

Белгілі журналист Қалыбек Атжан  Баян Алагөзованың "Қатын" сөзіне қатысты айтқан піікіріне қарсы шықты.

Ол бұл атау барша түркі халықтары үшін қасиетті ұғым деп жазды әлеуметтік желіде. Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды. 

"Мен Баян Мақсатқызы Алагузова (қазақшасы Алакөзова болар) ханымды өнер өлкесіндегі іскерлігі, талай таланттардың бағын ашқан продюсерлік таланты үшін қатты сыйлайтынмын. Бүгін оның төмендегідей «Меня ужасно раздражают два слова — БАБА и ҚАТЫН. Я никогда не использую их ни в свой адрес, ни в чей-либо еще, потому что считаю их оскорбительными." деген пікірін оқып еріксіз ойға қалдым. Баба дегеніне әрине біздің қатысымыз жоқ. Ал ҚАТЫН сөзі біздің бабаларымыздың мұрасы. Оны жоққа шығаруға, ревизиялауға ешкімнің де құқы жоқ! Алдымен ҚАТЫН сөзінің мейрімді мағынасын түсініп алған жөн. Күллі түркі тілдес халықтар сүйікті жарын қатын дейді. Тек сонау жылдардағы шолақ белсенділердің "қатын деген тек байлар айтатын қатқыл сөз" деген сауатсыз пәлсапасынан кейін қазақ пен қырғыз ғана "әйел, айал" деп шатасып кетті", деді Қалыбек Атжан.

Ерегіскендіктен емес, ата-баба дәстүріне сай мен бүгіннен бастап келіншегімді өз атымен ҚАТЫН дейтін боламын. Ал сіздер ше?

Еске салсақ, белгілі продюсер Баян Мақсатқызы "Қатын" және "Баба" сөздеріне қатысты өз пікірін қалдырған болатын. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін