"Бүйткен мансабы құрысын деп, шығармашылыққа оралғаның жөн!": Майғазиевке қызметінен кетуге ұсыныс түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 "Бүйткен мансабы құрысын деп, шығармашылыққа оралғаның жөн!": Майғазиевке қызметінен кетуге ұсыныс түсті

"Бүйткен мансабы құрысын деп, шығармашылыққа оралғаның жөн!": Майғазиевке қызметінен кетуге ұсыныс түсті

Шымкент қаласының мәдениет саласына бөлінген қаржы дауы сейілмей тұр. 

  • 29 Наурыз 2021
  • 1418
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Халықтың сүйікті әншісіне айналған Сәкен Майғазиев бүгінде Шымкент қалалық Мәдениет үйінің басшылық қызметін атқаруда. Жақтап, ағалық кеңес берушілер де көп.

""Айналайын Сәкен-ау, қаш бұл жерден ертерек!", деп жазды желіде Әсет Әсәнди. 

Автор ойын былай деп жалғастырған;

"Өз басым Сәкен Майғазиевті елімізге қазақы нақыштағы қарапайым әндерді сыйлағаны үшін ерекше жақсы көремін. Өнер деген ұлы құдіреттің иесі ретінде де құрметім шексіз. Әрі "жақсы жезде әкеңдей" дегенді алға тартып, жезделік қамқорлығымды білдірсем деген ниетім бар. Бұрын-соңды мемлекеттік мекеме басқарып көрмеген адамға бірден барып директор бола салу оңай көрінгенімен, оның көзге көрінбейтін көптеген құбылыстары бар. Әсіресе, мемлекеттік бюджетке байланысты жұмыстарда тым абай болу керектігі, айтпаса да түсінікті. Және "дос жылатып айтатыны, дұшпан күлдіріп айтатыны" тағы бар. Менің жазбам жақпай қалса – жылатып айтқаным! Өйткені, мен айтпасам, жұрт айтады. Бірақ, тым кеш болады…
Сәкен-айналайын, сен осы қызметке келгелі айналаңда дау көбейді. "Даудың басы – Дайрабайдың ала сиыры" болса, мейлі ғой. Менің ойымша, сенің қолыңмен базбіреулер өз мүддесін іске асырып, ең соңында өзіңді бәріне кінәлі етіп көрсетпек пиғылы бар сияқты. Әлі кеш болмай тұрғанда, "қызметі де, құрысын, бүйткен мансабы да құрысын" деп, шығармашылыққа оралғаның жөн! Өйткені, "жаман айтпай – жақсы жоқ" демекші, ертең басыңа күн туа қалса, Ақботаны да, өзіңе басқа жақ ботаны да таппай қаласың! Мен өзіңе тек жақсылық пен амандық тілегенімнен, жүрегім қан жылап осыны жазып отырмын. Өйткені, сен әлі қазақ жұртына керек адамсың!, деп жазды желі қолданушы Әсет Әссанди.

Көпшіліктің кереғар пікірі Сәкен мырзаны ренжіткендер саны да аз емес. 
"Жемқор" — деп негізсіз айыптағандар заң алдында жауап беруге дайындала берсін — Сәкен Майғазиев

Соңғы жаңалықтар