"Бұл әннің барын да ұмытып кетіппін": Далада қалған сазгердің әнін ұмытып кетіппін деген Қарақат Әбілдинаның басы дауға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бұл әннің барын да ұмытып кетіппін": Далада қалған сазгердің әнін ұмытып кетіппін деген Қарақат Әбілдинаның басы дауға қалды

"Бұл әннің барын да ұмытып кетіппін": Далада қалған сазгердің әнін ұмытып кетіппін деген Қарақат Әбілдинаның басы дауға қалды

Қарақат пен Қыдырәлі, Абай Бегей сынды танымал әншілерге ән жазған композитор Арман Қайназаровтың ішкілікке салынған видеосы әлеуметтік желіде кең тараған болатын. 

  • 22 Маусым 2023
  • 67707
Фото - Caravan.kz

Қарақат Әбілдина композитордың қазіргі жағдайына байланысты өзінің Instagram парақшасында жазба жариялады,  деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Журналистер хабарласып ақын-композитор Арман Қайназаров жөнінде сұхбат алғысы келетіндерін айтты. "Қыдырәлі мен Қарақат әнімді орындайды" деген сөзін біз де әлеуметтік желілерден естіп білдік. 

Бұл кісіні жеке танымайды екенбіз. Әнін телефон арқылы ұсынып, жарыққа шығарсаңыздар деген тілегін білдірді. Қыдекеңнің концертіне дайындалып жүрген кез болатын, соған сөзін лайықтап Айнұр Тұрсынбаева жазып, "Жанымау" деген атпен алғаш рет "Ұлытау ұлы" концертінде орындап шықтым. Оған да 5 жыл өткен екен.

Сөйтіп қандай ән болды екен деп, архивті ақтарып отырып тауып өздеріңізбен бөлісіп отырмын. Репертуарымда бұл әннің барын да ұмытып кетіппін, жиі орындалмағаннан кейін шығар. Талғамы жоғары тыңдармандарымның көңілінен шығып жатса неге оррындамасқа?! Біршама әншіге ән жазған екен, осындай хәлге түскені өкінішті…

Өнер адамдары сезімтал, жүрекке жақын алғыш, көңілшек келеді ғой. Әлемі бөлек, жан-дүниесі нәзік, сынып кетуге бейім тұрады. 


Қу арақ кімнің түбіне жетпеген?! Қарап отырып жүрегің ауырады. Шын…Қаншама отбасы осы шайтансудың шатағынан шайқалып жатыр. Жаратқан жар болып, пенделерін адастырмай, тура жолға салса екен", — делінген жазбада. 

Желі қолданушылары Қарақаттың бұл әнді ұмытып кетіппін деген сөзі тәкәппарлық екенін айтуда. "Қалай ұмытып кетесің, атағы жер жарса қасында жүрер едің", "Әнін орындайды да авторды менсінбейтін шығар", Адам менсінбейсіз ау шамасы, ақысын бермеген шығарсыз", — деп жазды олар, 

 
Соңғы жаңалықтар