Жарияланды: 14000

"Бұл не сұмдық!": Қытаймен арадағы шекараның Қазақстан жағын "жасанды қуыршақ" күзетіп тұр (ВИДЕО)

"Бұл не сұмдық!": Қытаймен арадағы шекараның Қазақстан жағын "жасанды қуыршақ" күзетіп тұр (ВИДЕО)

Оқиға еліміздің шығысындағы Қытаймен іргелес аймақта орын алған. Бұрын аудан орталықтары болған елді мекендердің жұрты алаңдаулы. Негізсіз де емес. 

«Қазақстан» ұлттық арнасының тілшісі Шығыс Қазақстандағы ең алыс шекара шебіне дейін барып, біраз жайтқа куә болып қайтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Үржар ауданның Қытаймен шектесетін таулы аймағымен жол талғамайтын көлікпен жүріп өтсе дет жолшыбай ешкім кезікпеген. Торды талай бойладық. Іштей «біздің шекарашыларымыз қайда кеткен?»-деп ойладық. Шекараның Қазақстан жағы қаңыраған дала. Қытай жағы елді мекендер мен қала, дейді тілші.

Көрші мемлекеттің териториясында тіршілік қайнаған. Ауылдар салынған. Тіпті Шәуешек қаласын осы жерден ақ көруге болады.Ал бізде керісінше. Тіпті, соңғы жылдары мемлекеттік шекараны күзетуге де жөнді мән берілмей кетті-дейді жергілікті тұрғындар.

Аудан болып тарқамай тұрғанда бізде 13 застава болған. Кейін олардың барлығы жай қойма болып қалды. Анау Қытай жағынан джип машинамен өздерінің байрақтарын алып жарты сағат сайын жүріп өтіп, күзетеді. Ал біздің жақтың граница ашық бос. Бір солдат жүрсе жүрді, жүрмесе оның өзі жоқ, деді Мақаншы ауылының тұрғыны Хасен Таласбаев.

Ауылдықтар айтқан сол бірең- сараң шекарашы сарбазды да көре алмадық. Есесіне екі мемлекеттің жерін бөліп тұрған тордың Қазақстан жағында, Шәуешек қаласына жақын тұсында, мұнарада қалқиған қуыршақтың күзетте тұрғанын көріп жүрегіміз зырқ етті.

Шекараға жапсарлас жатқан ауылдарымыздың да жайы оңып тұрған жоқ. Аудан орталығынан 80 шақырым қашықтағы Ақшоқыда адам саны азайып барады. Соңғы жылдары жергілікті әкімшілік қолда бар қаржысын бөліп, суы мен жарығын тартқанмен, халық көшін тоқтатпаған.

Төлеубек Кәрібаев, Ақшоқы ауылының тұрғыны:

3 мыңдай халық, 300 дей үй болды. Қазір бар жоғы мың-ақ халық қалды.Көшіп жатыр. Шал кемпір қалдық. Жастар қалмайды. Жастардың бәрі кетіп жатыр. Үй дегенді көрдіңіздер, бұзылып жатыр. Қазір жүздің үстінде үй бос тұр қаңырап. Аудан өте алыс.

Ауылда ұялы байланыс әлсін-әлсін істеп тұр. Интернет мүлдем жоқ. Ал оның орнына көрші мемлекеттің ұялы байланыс операторларынан «Қытайға қош келдіңіз!» деген хабарламалар келіп тұрады. Ал ауданнан ең алыс орналасқан Саз ауылында төрт түтін ғана қалыпты. Жазғытұрым болмаса, бұл жаққа қыста жету қиын. Тұмса табиғаты бар бай өлке. Алайда жолдың ауырлығы мен шалғайлығына шыдамаған жұрт жайлы өмір іздеп жан сауғалап кеткен.

Айтып отырған ауылдарымыздың барлығы бұрын Мақаншы ауданына қараған. 25 жыл бұрын Таскескен, Мақаншы мен Үржар ауданы біріктірілген. Қазір облыстағы ең ауқымды Үржар ауданына 57 елді мекен қарайды. Аумағы тым үлкен болғандықтан халық орталықтан алшақтап қалған. Жұрттың жапа тармағай қоныс аударуына да себеп сол.

Еліміз шекарада отыр. 212 километр шекара біздің ауданымызда. Шекара ашық қалды. Қытай жақ ол жаққа 32 этажға дейін үй салып жатыр. Шекараның барлығына светін орнатып тастады. Видеокамера орнатып тастады. Ал біздікі бос қалды. Халық кетпеуі үшін біздің шекараны күшейту керек, дейді Мақаншы ауылының тұрғыны Төлеген Жирентаев.

Халықты тұрақтандырып, шекараны нығайту геосаяси маңызға ие. Сондықтан, осы мәселеге алаңдаушылық білдіретін кез келді-дейді мамандар.

Мұхтарбек Кәрімов, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор:

Ана қытайлар погран зонанын да алып тастады. Шекараның түбіне дейін елді әкеліп отырғызып қойды. Осындай жағдайда, біраздан кейін әңгіме былай шығуы мүмкін. «Мыналарды қараңдаршы, біз жерге сыймай отырмыз. Мына жатқан көрші елдің жерінде ешкім жоқ. Әне бос жатыр.» Сондықтан, бұл әділетсіздік дейді. Осындай тарихтан талай нәрсені білеміз ғой.

Шекарада халық тұрақтап, өңірдегі ауылдардың аһуалы оңалу үшін, Мақаншыға мәртебесін қайтаруды өңір халқы сұрағалы 20 жылдан асқан. Үкіметке, Парламентке бірнеше мәрте хат жазған. Облыс әкімшілігінің табалдырығын талай тоздырған.

 

Бұл не масқара? (шекарамыз неге ашық-шашық?) Шекарамызды сарбаз(дар) емес, әскери киімдегі чучело күзетіп тұрса, бейбіт халықтың ұйқысы қалай тыныш болмақ? Елдің қауіпсіздігін кімдердің қолына тапсырғанбыз (біз осы)? Мынаны көрген соң, қалай ұйықтаймыз (алаңсыз)? Маулен Ашимбаев Karin Erlan Ruslan Zheldibay Берік Сәлімжанұлы

Posted by Серік Абас-шах on Sunday, May 15, 2022

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін