Бұл қалай? Жаңадан тағайындалған Экономика вице-министрі мектепті бітіре сала ұлттық компанияда жұмыс істеген - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бұл қалай? Жаңадан тағайындалған Экономика вице-министрі мектепті бітіре сала ұлттық компанияда жұмыс істеген

Бұл қалай? Жаңадан тағайындалған Экономика вице-министрі мектепті бітіре сала ұлттық компанияда жұмыс істеген

Өткен аптаның ортасында ҚР Үкіметінің Қаулысымен Дана Бейсенқызы Жүнісова Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын. 33 жасқа енді ғана толған шенеунік еңбек жолын мектепті бітіре салысымен бастапты.

  • 2 Мамыр 2018
  • 2766
Фото - Caravan.kz

Иә, қазір жап-жас мамандардың басшылыққа тағайындалуы жаңалық емес. Тек әлеуметтік желі қолданушылары Дана Жүнісованың ЖОО оқымай жатып қалайша "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясына қызметке орналасып алғанын түсіне алмай отыр. Қарауыл болу үшін де диплом мен еңбек өтілін талап ететін бүгінгі заманда вундеркинд боп тумасаң расымен де мектептен кейін дереу жұмысқа орналасу қиынның қиыны, ал, ұлттық компанияларға тіпті мүмкін де емес шығар…

Түсінікті болу үшін айта кетейік, Дана Жүнісова 1985 жылы туған. Еңбек жолын 2003 жылы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясынан бастапты. Яғни, 18 жасында жұмысқа орналасқан. Әдетте Қазақстан азаматтары бұл жаста мектеп бітіріп, жоғары оқу орнына түсіп жатады. Ал, Дана Бейсенқызы оқуға түсіп, ұлттық компаниядағы жұмысын қатар алып жүрген көрінеді. Өйткені, ол ЖОО-ны 2006 жылы бітірген. Сонда ол оқуға бармай жұмыс істеген бе, әлде оқуын оқып, қызметін қашықтықтан атқарып келген бе, ол жағы белгісіз.

 

Оқи отырыңыз:

Экс-Кешьюлік белгілі әнші Нұржан Керменбаевқа "қосылды"

"Мектеппен қоштасу кешіне 100 мың теңге". Ақша жинаған мектептің үстінен шағым түсті

Балғынбек Имаш әріптесі Айнұр Тұрсынбаеваны индюхаға теңеп ренжітіп алды

 

Соңғы жаңалықтар