"Бұл қылмыс": ІІМ Қуат Найманның видеосына түсініктеме берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бұл қылмыс": ІІМ Қуат Найманның видеосына түсініктеме берді

"Бұл қылмыс": ІІМ Қуат Найманның видеосына түсініктеме берді

ІІМ-нің ресми өкілі Нұрділдә Ораз қазақстандық спортшы Қуат Хамитовтың видеожазбасын қылмыс деп атады.

  • 15 Қыркүйек 2020
  • 71
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Спортшы Қуат Хамитовтың түсірген видеосы туралы түсініктеме бергім келеді. Ол әлеуметтік желілердің біріндегі парақшасында зорлық-зомбылыққа шақырған үндеу жазды және жариялады. Бұл тікелей заңды бұзу және қылмыстық құқық бұзушылық. Ішкі істер министрлігі азаматтарды көрінеу жалған ақпарат таратпауға, мемлекеттік органдардың ресми деректеріне ғана сенуге шақырады. Заң бұзылған жағдайда қарастырылған әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы есте сақтау қажет", — деді брифингте Нұрділдә Ораз.

Аталған факті ҚР ҚК-нің "билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру не жаппай тәртіпсіздікке арандату, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

"Азамат Хамитов Қуат тиісті іс жүргізу әрекеттері үшін полиция департаментіне жеткізілді. Қылмыстық іс бойынша тергеу шараларының жиынтығы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады. Азамат Хамитовтың іс-әрекеттеріне түбегейлі баға беріледі", — деді полицияда.


Еске салайық, Хамитов 14 қыркүйекте Алматы полициясына жеткізілген. Бұған Хамитиовтың әлеуметтік желілерде зорлық-зомбылыққа шақырған видеосы себеп болды. Спортшы үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені хабарланды.

Сосын Қуат Хамитов өзін полиция тұтқындаған кейін алғашқы рет оқиға жайлы пікір білдірді.

  

Соңғы жаңалықтар