"Бұл рас па?": Маңғыстау табиғатының қоқысқа айналған көрінісі жұртты шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 469.49
  • 552.59
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бұл рас па?": Маңғыстау табиғатының қоқысқа айналған көрінісі жұртты шошытты

"Бұл рас па?": Маңғыстау табиғатының қоқысқа айналған көрінісі жұртты шошытты

Әлеуметтік желіде Маңғыстау даласының қазіргі жағдайы көрсетілген видео тарады.

  • 21 Сәуiр
  • 5
Фото: видеодан алынған

Бұл жағдай қоғамның наразылығын тудырды, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталының тілшісі.

Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Instagram желісінде Маңғыстаудың кең даласын көрсететін бейнежазба жариялады. Кадрларда табиғи ландшафттың едәуір бөлігі пластик пакеттер, бөтелкелер және тұрмыстық қалдықтарға толып қалғаны анық көрінеді. Бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушылары арасында үлкен резонанс тудырып, көпшілікті алаңдатты.

Алғашында кейбір желі қолданушылары бұл көріністі жасанды интеллект арқылы жасалған деп қабылдаған. Алайда жергілікті тұрғындар бұл қазіргі шындық екенін растап отыр.

Жазба жарияланғаннан кейін қоғам пікірі екіге бөлінді. Бір бөлігі экологиялық сенбіліктерді тек қалалық аумақтарда ғана емес, дала мен шөлейт аймақтарды тазалауға да көңіл бөлу керек екенін айтады.

Көптеген азаматтар «Таза Қазақстан» секілді жалпыұлттық экологиялық бастамаларды кеңейтіп, оған ерікті түрде қатысуға дайын екендерін білдірді. Олардың пікірінше, мұндай акциялар жүйелі түрде ұйымдастырылса, қоғамның экологиялық жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар әлеуметтік желі қолданушылары табиғаттың мұндай жағдайда болуына адамның өзі себеп екенін айтып, алаңдаушылық білдіруде. Олар экологиялық мәдениетті күшейту қажеттігін, қалдықтарды басқару жүйесін қатаңдату керектігін және пластикті пайдалануды шектеу немесе мүлдем азайту мәселесін қайта қарау керек екенін атап өтеді.

«Италия, Франция, Аустралия, Өзбекстан, Қытай және Грузия сияқты елдерден сабақ алу керек, олар пластикке тыйым салған».

«Таза Қазақстан деп саяжайға шыға бермей, осы далалыққа да шығу керек».

«Иттер мен мысықтар бізге қауіп екен де, адамның қоқыстары қауіп емес пе?».

«Бұл табиғатқа жасалған қастандық. Дронмен бақылап, қоқыс тастайтындарды жазалау керек».

«Бізден қоқысты шығаруға және оны жоюға ақша алады, ал мынау не? Экологтар қайда қарап отыр?», — деп жазып жатыр халық.