"Бұл жыл біз үшін ауыр жыл болды": Төрт ай бойы Бишімбаевты әке құқығынан айыра алмай жүрген Назым Қаһарман жанайқайын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 516.93
  • 542.52
-17 °C
Алматы
2024 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бұл жыл біз үшін ауыр жыл болды": Төрт ай бойы Бишімбаевты әке құқығынан айыра алмай жүрген Назым Қаһарман жанайқайын айтты

"Бұл жыл біз үшін ауыр жыл болды": Төрт ай бойы Бишімбаевты әке құқығынан айыра алмай жүрген Назым Қаһарман жанайқайын айтты

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман бұл жыл ол мен оның балалары үшін ауыр жыл болғанын айтты.

  • 11 Қараша
  • 63
Instagram/Назым Қаһарман

Ол бұрынғы күйеуін төрт ай бойы әке құқығынан айыра алмай жүр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.

Айтуынша, Салтана Нүкенованың қайтыс болғанына бір жылдың жүзі болса да, ол мен балалары әлі күнге дейін сол қанды оқиғаның азабын тартып келе жатқан көрінеді. Ол әсіресе, аталған оқиға балаларға қиынға соққанын атап өтті.

«Әке құқығынан айыру оқиғасы әлі де аяқталған жоқ. Төрт айдың жүзі болды. Келесі аптада аппеляция. Бұған дейін атап өткенімдей, әке құқығынан айырса, ол оның әке болмайды деген сөз емес. Балалар бұл іспен бәрібір бетпе бет келеді. Келір жатыр да… Жалпы бұл жыл біз үшін ауыр жыл болды…», — деп ағынан жарылды ол.